Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында дін мәселесі кеңінен насихатталады

Тараз. 30 мамыр. Жамбыл облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде өткізілген семинарда Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» маманы А.Сарсенбаев «Экстремизм, оның басталуы, маңызы, экстремизм қаупі, бүгінгі жағдай» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы “Zhambylnews” AA хабарлайды.

Өз сөзінде дәріскер діни экстремизмнің пайда болу факторларының қатарында әлеуметтік әділеттілікті, сыбайлас жемқорлықты, ел халқының өмір сүру деңгейінің төмен болуы жататынын кеңінен атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстандағы жастардың басым бөлігі радикалды ислам идеяларын негізінен Интернет-сайттар арқылы және әдебиет арқылы, әртүрлі көпшілік жиналатын жерлерде таратылған парақтар арқылы танысатынын жеткізді.

Өз сөзін қорытындылай келе, А.Сарсенбаев қазіргі уақытта діни экстремизмнің мемлекеттік деңгейде енуін шектеу үшін діндер мен секталардың қызметін реттеуге бағытталған кешенді шаралар жүргізу, белгілі бір діни бірлестіктердің заңсыз әрекет ететін өкілдерін анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге ықпал ететін насихаттаушы әдебиеттер керектігін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *