Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде «Парламентаризмнің дамуы» халықаралық форумы ашылды

Мәскеу. 5 мамыр. Мәскеуде халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде «Парламентаризмнің дамуы» атты халықаралық форум ашылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Оған әлемнің 96 елінен 500-ден астам делегат қатысуда. Қазақстандық делегация халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, ұлттық заңнаманы жетілдіруге, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған бөлімдерге қатысады. Форум соңында парламентаралық өзара іс-қимылдың жаңа форматын құруға негіз бола алатын декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

— Жалпы заң шығару саласындағы тәжірибе алмасудың бір үлкен алаңы деп айтуға болады. Осы тұрғыдан келгенде  осы үлкен жиынның берері мол деп ойлаймыз. Өте көкейтесті мәселелер, Таяу Шығыстағы, одан басқа әлемді жайлап алған терроризм мәселесі талқыланады. Соның барлығы бойынша дөңгелек үстелдерде әр делегацияның пікірін білуге келдік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *