Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында семинар өткізілді

Алматы. 7 маусым. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Алматы қаласында Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында кездесулер ұйымдастыруда, деп хабарлайды Ihsan.kz.

Осыған орай, Алматы Орталық мешітінде «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизм, терроризмнің алдын алу» атты семинар өтті.

Семинарды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Медеу ауданы бойынша бас маманы: Джанаманов Алмас Асанұлы және «Нұр-Мүбәрак» университетінің доценті, психолог, PhD доктор, Төлегенова Әлия Аманғалиқызы, Алматы қаласы «әйел-қыздар» секторының басшысы Ахметова Маржанқыз Оразанбайқызы жүргізді.

Семинар жат ағымға түскен қандас бауырларымызды дәстүрлі дінімізге қайтаруды, экстремизмнің алдын алу шараларын халыққа қалай жеткізу керектігін түсіндіруді көздеді. Жат ағым туралы психолог маманның дәйекті мағлұматтарымен бастау алып, Діни экстремизмнің алдын алудағы шаралардың ең бастысы отбасымыздағы күнделікті қарым-қатынас, бір-бірімізге деген сенім екенін атап көрсетті. Адамның рухани құлдырауының нәтижесінде қоғам мен отбасы арасында көптеген қиындықтар туатынын айтты. Жастарды ақ пен қараны ажырата білуге шақырып, еліміздің тыныштығы  «Рухани жаңғыру» аясында сапалы білім алумен тікелей байланысты екендігін растады.

Шара соңында семинарға келген қыз-келіншектер білікті мамандарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *