Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани даму және тұрақтылық кепілі

Көкшетау. 11 маусым.  Жұма күні, 8 маусымда Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласындағы жалпы білім беру мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдері үшін үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша «Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани даму және тұрақтылық кепілі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық негіздерін түсіндіру, мектеп оқушылары үшін діни экстремизм мен терроризм идеяларын және деструктивті діни ағымдардың зияндылығын алдын алу бойынша іс-шараларды өткізудің ерекшеліктерін түсіндіру.

Іс-шараның модераторы «КҚДТО» КММ директоры Гүлнұр Қабиболлақызы Сатыбалдина сөз сөйледі. Оның сөзі мемлекеттің зайырлы сипатын және қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігін түсіну мәселелеріне арналды, 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізгі талаптарын белгіледі.
Тлегенова Зарина Рашидовна – КҚДТО КММ ақпараттық-насихат бөлімінің маманы оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен формалары туралы әңгімеледі.

Тәжірибе бөлігінде КҚДТО КММ кеңес беру-оңалту бөлімінің басшысы Трофимова Юлия Сергеевна семинар қатысушыларымен деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру үшін сыни ойлауды дамытуға арналған интерактивті тренинг өткізді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

Ақпарат көзі: KguCarmo

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *