Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жас түлектің қаперіне

Алматы, 22 маусым. Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан маман­дықтардың біріне айналды. Қазақстан Республи­касында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында дінтану мамандығы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаюда. Соңғы төрт жыл ішінде  дінтану мамандығы бойынша мемлекеттік тап­сырыстың көлемі 22 грантқа дейін ұлғайтылып, 2014–2015 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 82 грантты құрады. Жоғары білім саласында барлық мамандыққа арналған жаңартылған «Дінтану» бағдарламасы әзірленген.

Дінтану мамандығы бойынша кадрларды даярлау 6 жоғары оқу орнының базасында іске асырылуда (әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ, Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, Қ.А.Яcсауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті).

Енді дінтанушылар қай жерде жұмыс істей алады деген сұрақтың жауа­бына келер болсақ: мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құ­ралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында істей алады; ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қыз­меткер­лері; дін тарихы мен тео­риясы, заманауи өрке­ниет­тің діни-филосо­фиялық мәселелері бойын­ша ғы­лыми-зерттеу жұ­мыста­рында ғылыми қызметкер; мемлекеттік және мемле­кеттік емес жоғары және орта арнау­лы оқу орын­дарының оқытушылары; бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жоба­ларды іске асыруға (БҰҰ, ІSESKO, Ашық қоғам институты және т.б.) қатыса алады; «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес меке­мелер мен халықаралық ұйымдардың қызмет­кер­лері.

Қазір әлемдік деңгейде дін шиеленіскен жағдайда екені мәлім. Сондықтан мем­лекетке дінтанушы ма­мандардың жанжалға қар­сы тұрақтылығын қалып­тастыруға, сонымен бірге жастар ортасында адам­ның құқықтары мен бос­тан­дықтарын қадірлеу принциптеріне, этнос­ара­лық және конфессия­ара­лық бейбіт пен келісімге құштарлыққа, диалог жа­сауға дайын болуына негіз­делген этномәдени өзара құрметтеудің дүние­та­ны­мын және рухани-адам­гершілік атмо­сфе­раның қалыптасуына ық­пал етеді.

Мұхтар ӨМЕРБАЙ, Санжар АЙТБАЕВ, Айбек НҰРЖАПАРОВ,
ҚазҰУ  дінтану  мамандығының  2-курс студенттері
Қ.БАҒАШАРОВ,
Филосфия  және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының  phD  докторы,  аға оқытушы
Ақпарат көзі: Almaty ақшамы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *