Мосул. 26 маусым. Ирак күштері Мосул қаласында бір шөл аймаққа жасаған операцияда 17 ДАИШ террористі өлтірді, 33 террористі ұстады. Бұл туралы TRT хабарлайды.
Армияда міндет атқарған капитан Ахмет еш-Шувейли жасаған мәлімдемесінде Мосулдың әл-Хадр ауданындағы бір шөл аймағында Сириядан мемлекет территориясына кірген ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) сарбаздарына қарсы операция ұйымдастырғанын айтты.
Әскерлер мен террористтер арасында шыққан қақтығыстарда 2 әскердің жарақат алғанын мәлімдеген Шувейли операцияда 17 террористтің өлтірілгенін, 33 террористтің ұсталғанын білдірді.