Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Талиблар Ауғаныстандағы әскери базаға шабуыл жасады

АСТАНА, 17 тамыз. Ауғаныстанның солтүстік-шығысындағы Бағлан провинциясындағы әскери базаға «Талибан» радикалды қозғалысының содырларының шабуылы нәтижесінде кем дегенде 45 әскери қызметкер қаза тапты, деп дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Шабуыл сәрсенбіге қараған түні жасалған. Полициядағы ақпарат көзінің айтуынша, содырлардың шабуылы нәтижесінде «35 әскери және 10 жергілікті полиция қызметкерлері қаза тапты». Шабуыл болғанын құқық қорғау органдары растады, алайда қаза тапқандардың санын айқындап айтқан жоқ.

Осының алдында «Шахин» лагерінің өкілі Мохаммад Ханиф Резае «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары елдің солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясындағы әскери базасын басып алғанын РИА Новостиге хабарлады.Жергілікті БАҚ-тың мәліметтері бойынша базаға жасалған шабуыл барысында кем дегенде Ауғаныстан әскерінің 17 қызметкерлері қаза тауып, тағы 12 жарақатталды. Базада қалған ондаған солдаттардың тағдыры әлі белгісіз деп Фарьябдағы жергілікті кеңес басшысы Сабгатуллах Силаб Муавин мәлімдеді.

Ауғаныстанда алдымен ауылдық аудандарының басым территориясын басып алған, кейіннен үлкен қалаларға шабуылдаған «Талибан» радикалды ағымынын содырлары мен үкіметтік күштер арасында текетірес болып жатыр. Мемлекет территориясында «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) террористтік тобының ықпалы күшее түсті. Ауғаныстанның ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері терроризмге қарсы біріккен операциялар өткізіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *