Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҮ-да ҚР бастамасымен терроризммен күрес Кодексі іске қосылмақ  

АСТАНА, 20 тамыз. Нью-Йоркте терроризмнен бос бейбітшілік орнату Кодексінің іске асуы мен оған қол қою жоспарланып отыр,- деп 24.KZ  телеарнасы хабарлайды.

Маңызды құжат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты. Елбасы Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның Бас ассамблеясын жаһандық антитеррорлық колалиция құруға шақырған еді. Кодексті әзірлеу жұмысына әр елдің өкілдері мен контртерроризм саласындағы сарапшылар тартылды.Олар Қазақстан бастамасын трансұлттық,жаһандық сипаттамасы бар  қауіп-қатермен күресті өте  уақтылы және  БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын орындауға ықпалын тигізетінің айтты.

Қазақстан тарапы өңірлік топтармен келіссөз жүргізіп, ұсынысын тыңдады. Осылайша, Мемлекет Басшысының бастамасымен терроризмге қарсы күрес туралы Кодекс іске қосуға дайын. Енді кодекске қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында қол қойылмақ. АСЕАН елдері (Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) де Қазақстан бастамасын қолдап, қол қоюға дайын.

Сухайми Тажуддин, БҰҰ жанындағы Малайзия тұрақты өкілінің кеңесші-елшісі: — Терроризм әлемнің барлық елдеріне қауіп төндіріп тұр. Сол себепті онымен күрес жолында ортақ шешім қабылдап, біріккеніміз жөн. Қазақстандық бастама өте заманауи және мемлекеттерге осы мәселені саяси жолмен шешуге мүмкіндік береді. Бейбіт өмірге қол жеткізу кодексіне қол қойылған соң, жоспарланған барлық тармақ жүзеге асады деп ойлаймын. Қазақ елі ұсынған бұл халықаралық құжат серіктестікті жан-жақты қамтиды. Сол себепті Қазақстанға үлкен алғыс айтқым келеді. Осы жобаны соңына дейін жүзеге асыратындығымызға сенімім мол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *