АСТАНА, 1 қыркүйек. Рязань тұрғынына терроризмді қолдағаны үшін айыппұл салынды, деп Ресей ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Рязанский городской сайт жергілікті басылым хабарлайды.
Бұл азамат «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі парақшасында лаңкестердің «зорлық-зомбылықты және деструктивті әрекеттерді ақтайтын лингвистикалық және психологиялық белгілері» бар түсініктемелер жариялады. Тергеу барысында ол жасаған ісіне өкініш танытқан.
Сот оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 1-тармағы бойынша 200 мың рубль мөлшерінде айыппұл салды.