АСТАНА, 2 қыркүйек. Амстердам орталығында белгісіздің пышақпен шабуылынан зардап шеккен екі адам АҚШ азаматтары болып табылады, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Нидерландыдағы елшісі Пит Хукстраға сілтеме жасай отырып.
«Мен кеше Амстердамның орталық бекетінде шабуылға ұшыраған адамдарға қолдауымды білдіргім келеді. Құрбан болғандардың екеуі де Нидерландыға барған американдық азаматтар екенін біліп отырмыз және біз олармен және олардың отбасымен байланыстамыз », — дейді Хукстра.
Бұрын хабарланғандай, белгісіз адам Амстердамдағы орталық вогзал жанында екі адамды пышақпен жарақаттады,содан кейін оны полиция бейтараптандырды. Шабуылда жарақат алғандар мен шабуылшы оқ тиген жарамен ауруханаға жатқызылды.
Шабуылшы Германияда тұрақты тұруға рұқсаты бар 19 жасар Ауғанстан тумасы.Нидерланд полициясы бұл шабуыл террористік шабуыл болғанын жоққа шығармайды.