АСТАНА, 12 қыркүйек. Парламенттің Жоғары палатасының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы дербес аудандардың бірінің төрағасы Нұрлан Әбдімәжинмен кездесті деп 24.kz жаңалықтар порталы хабарлайды.
Тараптар «Жібек жолының экономикалық аймағы» стратегиясының аясындағы ынтымақтастық туралы әңгімелесті. Олардың айтуынша, жобаны жүзеге асыру арқылы екіжақты байланыс қарқыны үдей түспек. Әсіресе, бүгінде көрші мемлекеттердің түрлі ведомстволары арасындағы әріптестікті нығайтып, ортақ тәжірибе арқасында ақпарат алмасуы тиіс.
Спикер сондай-ақ парламентаралық қарым-қатынасты арттыру туралы да айтты. Баршаға ортақ мәселе – лаңкестік, сепаратизм мен экстремизмге қарсы іс-қимылды бірлесе атқару бағытына баса мән берілді.