Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Батыс Қазақстан облысында айына бір рет терроризмге қарсы оқу күндері өтеді

АСТАНА, 13 қыркүйек. Батыс Қазақстан облысында айына бір рет терроризмге қарсы оқыту күндері өтеді, NewTimes.kz агенттігі хабарлайды.

Біріңғай терроризмге қарсы оқу күнін өткізу тәртібі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 Заңына, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №1404 қаулысына сәйкес және де басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

«Терроризмге қарсы оқытудың біріңғай күні – бұл онда зерттелетін іс-әрекеттерді дүркін-дүркін, мақсатты және саналы қайталау арқылы түрлі ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің, халықтың лаңкестік қауіп-қатер жағдайында әрекет ету қабілетін, олардың зардаптарын жою және терроризмге қарсы операцияны жүргізуді дамытын және жетілдіретін теориялық және тәжірибелік жаттығулар кешені. Терроризмге қарсы оқытудың біріңғай күні ай сайын айдың соңғы бейсенбісінде өткізіледі», — деді облыстық әкімдіктің терроризмге қарсы комиссияның бөлім бастығы Талғат Нығметов.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі облыстық және аудандық тұрақты жұмыс комиссияларының басшылары, сондай-ақ Орал қаласының әкім аппараты терроризмге қарсы оқытудың біріңғай күнің өткізу үшін бақылауға құқығы бар, бақылау жасау және көмек көрсету үшін арнайы топтар құрды. Терроризмге қарсы оқытудың біріңғай күніне Батыс-Қазақстан облысы,Ақжайық,Бөкей,Орда,Бөрлі,Жанғалы,Жәнібек,Зеленов,Казталов,Қаратөбе,Сырым,Тасқалы,Теректі және Шыңғырлау аудандарының экстремизм мен терроризмнің алдын алу тұрақты жұмыс комиссиялардың басшылары мен мүшелері және Орал қаласының әкім аппараты; мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, оның ішінде: жергілікті үкімет, т.б. құқық қорғау және арнайы қызметтер, террористік қатысты осал объектілердің басшылары мен қызметкерлері қатысады.

Терроризмге қарсы оқытудың біріңғай күнінің басты мақсаты лаңкестік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі болған жағдайда, азаматтық қоғамның барлық топтарың келісілген іс-қимылдар мен шебер дағдыға оқыту болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *