АСТАНА, 15 қыркүйек. Сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін астаналық терроризмге қарсы күрес штабы, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы қызметтерімен және «Эйр Астана» АҚ бірлесіп әуежай территориясында лаңкестікке қарсы жоспарланған оқу-жаттығу өткізді, деп штабқа сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлайды.
«Іс-шараның мақсаты ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсарту және әуежай қызметтерінің,елордалық жедел штабтың күштері мен амалдарының көліктік объектілерде лаңкестік көріністерге бірлескен шұғыл әрекет етуін іс жүзінде дамыту», — делінген хабарламада.
Оқу-жаттығулар күрделіліктің әртүрлі элементтері бар әскери жағдайға барынша жақын.
Сонымен қатар, алдағы жылдары Қазақстан 114,9 млрд. теңгені терроризммен және экстремизммен күресуге жұмсайтыны белгілі болды.