АСТАНА, 16 қыркүйек. Интерфакс агенттігінің ақпаратына сәйкес, Дағыстанда террорға қарсы операция режимі енгізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Дағыстанның екі ауданындағы банда мүшелерің іздестіруде, деп Интерфакс-Оңтүстік агенттігіне республикадағы Ұлттық антитеррорлық комитетінің (ҰАК) жедел штабының өкілі хабарлады.
Осыған байланысты «терроризмге қарсы операцияның режимі (ТҚО) республиканың Буйнақ және Қарабұдахкент аудандарының кейбір аумақтарында енгізілді» деп атап өтті.
ҰАК өкілінің айтуынша, ТҚО режимі 15 қыркүйекте 5:00-де енгізілді.