АСТАНА, 30 қазан. Экстремистік идеология негізінен жастарға әсер етеді, деп хабарлады Тәжікстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Худоберди Холикназар, деп Sputnik Таджикикстан жазады.
«Жастардың көпшілігі ислам туралы білмейді, сондықтан оларды оңай іске тартуға болады», — дейді Холикназар.
Оның айтуынша, экстремистер Орталық Азия елдерін бірыңғай халифатқа енгізіп, олардың егемендігіне, ұлттық құндылықтарына және мәдениетіне қысым жасағысы келеді.
«Олар мәдениет тек діни болуы керек дейді. Біз мұны Ауғанстанда 1996 жылдан 2001 жылға дейін болған Талибандардың мысалында көреміз. Біз олардың Бамиандағы Будданы жарғанын және басқа зұлымдық жасағанын ұмытқан емеспіз», — деп еске алады Холикназар.
Сарапшы экстремистер ислам дінінің мазхабтарына қарсылық білдіріп, оларды дінбұзарлық дегендерін атап өтті. Бұл ағымдар тарихи түрде туылғанын және халық оларды өздері таңдағанын түсіндірді.
«Мазхабтар өздерінің тиімділігін көрсетті: адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрді, және соңғы 200-300 жылда олардың арасында ешқандай соғыс болған жоқ», — деді Тәжікстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры.
Холикназар сондай-ақ экстремистердің суфизмді елемейтінін, басқа ұлттар мен этникалық топтарды екінші дәрежелі адамдар деп санайтынын атап өтті.