АСТАНА, 07 қараша. Бұл біздің соғыс емес, алайда біздің азаматтарымыз онда қаза болып жатыр. Астанада Сирияға кеткен қазақстандықтардың және олардың отбасыларының тағдыры туралы деректі фильм ұсынды. «Караван» тілшісі Назгүл Әбжекенова жоба авторларының бірі Серік Бейсембаевпен сұхбаттасты.
Экстремизм ана сүтімен қалай сіңеді
Кадрда — тізе бүгіп тұрған егде жастағы ана. Жезқазғандық келген Ботагөз апа Сирияға кеткен балалары мен немерелерің қайтару үшін төрт жыл бойы дұға етіп жүр. Оның үлкен ұлы Ержан 2013 жылдың ақпан айында бір топ жергілікті жігіттермен сонда аттанып кетті, бұл жайлы тек 2013 жылдың күзінде YouTube-да ол жерде соғысып жүрген жихадшылар туралы видео пайда болған кезде белгілі болды. олардың ішінде Ержан да болды. — Біз Сирия туралы білмедік, бізге Ержанның Мысырдағы діни оқұға кеткенін айтқан болатын. Мен үйде оқуға болатын кезде шетелге барудың не екенін түсінбедін. Бір айдан кейін бізді мешітке шақырды. Онда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері біздің ұлымыз Мысырға оқуға кетпегенің, ал Сириямен шайқасқа кеткенің мәлімдеді. Кейін келін де ештеңе айтпастан, балаларды алып, сол жерге кетті. Ұлкен келіннің аяғы ауыр еді, үшінші ұл Омарды сол жақта туды», — дейді Ботагөз апа. Келесі кадрда екі жастағы бала басқа баланың өз Пайғамбарының кім екенін, қандай дінді ұстанатының білетіні туралы сұраққа нақты жауап береді.
«Саллаллаһу алейһи уә сәлләм (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)», – дейді, сөйлеуді жөн үйренбеген балақай, бірақ үлкендердің сөздерден қайталады.
Алғашында, келін WhatsApp арқылы немерелердің суреттері мен бейнелерін жіберіп тұратын, бірақ көп ұзамай байланысқа шықпай қойды, — деп Ботагөз апа сөзің жалғастырады.Әйелдің естігені, Жезқазған мен Сәтпаевтан 250-300 жас жігіттер Сирияға кетіп қалды.Көбі қаза болған. Кейін Ботагөз апаның күйеуі, балалары Сирияға кетіп қалған отандастарымен бірге, өздерінің немерелерін қайтару үшін іздеуге шығады. — Мен сонда 9 күн болдым. Ол жерде соғыс жүріп жатыр ғой- қорқынышты. Мен оларға үйге қайтуды ұсындым, олар қаламады, бәрі жақсы деді. Олар басқа ештеңе айтқан жоқ. Ал немерелер қайтқысы келдң, бірақ олардың аналары оларды жібермеді. Мен сонда болғанда, ұлым тірі еді. Бір жылдан кейін ол қайтыс болды … Ержанның қайтыс болғаны туралы келін хабарлады, — дейді Мұқамбеткали. Олардың үш немересі қазір қайда екенің, атасы мен әжесі білмейді …
Адами өлшемдегі терроризм
«Терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизм — жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретіні анық, бірақ олардың артында жат соғыста жақын туыстарынан айырылған адамдардың оқиғалары бар. Бұл туралы көп айтылмайды. «Біздің атымыздан емес» фильмінде біз жақын туыстары экстремистер қатарына қосылған жеке отбасылардың қайғысына назар аударғымыз келді. Яғни, терроризм проблемасының адами өлшемін көрсеткіміз келді, — дейді жобаның қатысушыларының бірң — әлеуметтанушы Серік БЕЙСЕМБАЕВ.
«Біздің атымыздан емес» — Орталық Азиядағы экстремизмге қарсы тұру үшін «Азаттық Радиосы» / «Азаттық Европа Радиосы»-ның алғашқы аймақтық жобасы. Джордж Вашингтон Университетінің
(АҚШ) ғылыми қызметкері Ноа Такер және Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің командаларның редакторлығымен бір жыл ішінде деректі фильмдердің топтамасы құрылды.
«Фильмде жақындары Сирияға барған 10 отбасының оқиғасы бар. Фильмді түсіру тобы басқа қалаларға барып, содырлардың туыстарымен кездесті. Бұл әңгімелер деректі хиқаяның негізін құрады.
Өткен аптада Вашингтонда, Бостонда және Нью-Йоркте, кейін Астанада ұсынылған шолуларда , үш елдің фокус-топтарында пікірталастары көрсетілген. Олардың қатысушылары адамдарды экстремистер жолына не алып апаратыны туралы сұраққа жауап іздейді», — деп Серік Бейсембаев сөзің жалғастырады.Мегаполис пен қашық аудандардағы жастар терроризм мәселесін әртүрлі қабылдайтыны анықталды. «Фокус-топты өткізген Жезқазғандық жастар бұл мәселеге өздері тап болған, олардың достары мен туыстары экстремизм насихатына төтеп тұра алмай, соғыс жерлеріне кетті. Ал Алматыдағы қатысушылар мәселесі туралы бұқаралық ақпарат құралдардан көбірек біледі».
“Кадрлар ұстаханасы”
Зерттеуші: егер Қырғызстан мен Тәжікстандағы жағдайы туралы (билік өкілдерінен түсірілімге ресми рұқсат берілмеген, сондықтан оларды Бішкекке жіберді) және азаматтардың экстремистерге қосылуының себептері аз да болса белгілі болса, ал Қазақстанда бәрі айқын емес.
«Біз аймақтағы ең ірі және дамыған елміз, бірақ осы жерден де Сирияға соғысуға кетіп жатыр. Қаншамасы кеткені нақты белгісіз. Ресми деректер бойынша, 400-500 қазақстандық. Бірақ түрік билігі өткен жылы екі мыңға жуық қазақстандықтың ИМ (Қазақстанда тыйым салынған) террористік топпен байланыста болуына күдіктенген. Ресми деректер бойынша, шамамен 80-100 адам, соның ішінде әйелдер мен балалар Жезқазған мен Сәтбаевтан Сирияға кеткен. Жергілікті тұрғындар шамамен 150-200 адам кетті дейді. Жезқазғандықтар өз ағалары мен ұлдарын таныған «қазақ жихадистері» туралы бейнежазбаның шыққанынан кейін, еліміз радикализацияның осы «ыстық нүктесі» туралы білді», — дейді Серік Бейсембаев. — «Онда оқшауланған радикалды қоғамдастықтардың өзекті мәселесі бар».
Әңгіме рухани жағынан емес
Сондай-ақ, әлеуметтанушының айтуынша, жергілікті жастарды криминалдандыру факторы іске асты. – Қала территориясында түрме бар, қылмыстық субмәдениет дамыған, жалпы алғанда жастар арасында зорлық-зомбылық деңгейі өте жоғары. Мүмкін, бұл факторлар жиынтығы радикализм үшін құнарлы орта болып шықты.Ал кейбір ақпарат бойынша, Жезқазғанда радикалды идеология белсенді түрде насихатталған, жастарды жасақтаған уағыздаушылар келді деген ақпарат болды. Дегенмен, бұл ақпаратты қайта тексеру қиын, — дейді сарапшы. «Біздің атымыздан емес» фильмінде бір эпизод бар: жергілікті адам — жас жігіт, сақалдылар мен шолар шалбарлы адамдар жиналатын донер сататын дүңгіршектердің бірінде оған күмәндана қарап оның сырт киімін талқылағанын, оны кәпірге теңегенің баяндайды. — Мен де, сол дәмханада болып, кездейсоқ өзіндік келбетті екі адам арасындағы әңгіменің куәсі болдым.Бірақ олар дінге немесе руханилыққа қатысты әңгіме емес, кейбір қарақшылық қақтығыстар туралы айтқан», — деп еске алады Серік Бейсембаев.
Сауатсыз және қарулы
Қазақстандықтардың «жихадқа» белсендi кетуі туралы немесе кең ауқымды радикалдандыруы туралы айтудың қажеті жоқ, дейді әлеуметтанушы, бірақ экстремизм проблемасы әлі де өткір болып қалады.
«Бұл мемлекет үшін қауіп емес. Бұл кезеңде мәселе ошақталған: қазақстандықтар өздерінің туыстарының радикализацияланғанымен, «ыстық жерлерге» кетуді жоспарлап немесе кетіп қалғанмен кездесіп жүр. Бұл мәселемен әртүрлі құралдармен күресу қажет, ал бұқаралық ақпарат құралдары — ең бастысы» — екеніне сарапшы сенімді. «Экстремизмге қарсы әрекет ету саясаты қазір жазалауға және бақылауға бағытталған», — дейді Бейсембаев. — «Теологтар мен шенеуніктер радикалдандыру көзі діни білімдердің жетіспеуі деген пікірде. Діни сауаттылық экстремизмге қарсы күрестің басты ұстанымы болып көрінеді. Менің ойымша, бұл фактордың маңызы айтарлықтай шамадан тыс … Иә, діни сауаттылықты арттыру керек, бірақ зорлық-зомбылықты болдырмау үшін көп нәрсе жасалмайды. Біз оның деңгейіне емес, адамның оқшауланғанына, зорлық-зомбылыққа бейім екендігің, қоғамға өзің қарсы қоюына қарау керек. Бұл белгілер неғұрлым көп болса, соғұрлым радикалды идеяларға осалдығы үлкен». «зорлық-зомбылық норма деңгейіне дейін көтерілген қоғамдастықтың мүшелеріне Исламды қаншалықты түсіндірсеніз де, шыдамды болуға шақырсаңыз да бұл көмектеспейді. Осы тұрғыда азаматтық қоғамның,сарапшылардың бұл жағдайда рөлі кең — радикализацияның алдын алу. Және «Біздің атамыздан емес» фильмі осы жұмысқа өз үлесін қосады деп үміттенеміз », — деп қорытындылады Серік Бейсембаев.