АСТАНА, 24 қараша. Сириялық қарулы оппозиция делегациясы қараша айының соңында Астанада өтетін бейбіт реттеу туралы консультацияларда күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Келіссөздер, Сириядағы бейбіт реттеу жөніндегі Астана процесінің 11-ші раунды жоспарланғандай 28-29 қарашада өтеді. Соғыс қимылдарының тоқтатылуын одан әрі нығайту туралы, бітімді сақтау туралы сөз қозғалған. Тұтқындармен алмасу және басқа да мәселелер жөніндегі жұмыс тобының алтыншы мәжілісі болады», — деді Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕО-Орталық Азия форматында консультацияларына қатысқанда.
Оның айтуынша, қатысушылардың тізімі дәстүрлі болады деп күтілуде: бұл кепілдеме-елдер, Ресей, Түркия, Иран, БҰҰ бақылаушылары мен Иордания, Сирия үкіметі және Сириядағы қарулы оппозициясы.
Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың айтуынша, Сирия оппозициясы қарашаның соңына жоспарланған келіссөздерге қатысуы ықтимал.