АСТАНА, 29 қараша. 2020 жылы Токиодағы жазғы Олимпиада кезінде лаңкестік әрекеттерді болдырмау үшін кешенді жаттығулар бүгін Жапон астанасының маңындағы, футбол мен регби жарыстары болатын ірі стадионда өтті, деп хабарлайды TASS агенттігі NHK телеарнасына сілтеме жасай отырып. Оқу-жаттығулар барысында құтқару қызметтерін атқаратын арнайы полиция мен өрт бөлімшелерінің жүздеген офицерлері қатысты.
Оқу-жаттығу сценарийінің бір бөлігі бойынша лаңкестер стадиондағы матч кезінде бомба жарылысын ұйымдастырды. Осыған байланысты құтқару операциялары, көрермендерді эвакуациялау техникасы игерілді. Сондай-ақ, шартты жарылғыш құрылғыны бейтараптандыру бойынша, оның ішінде роботтарды қолданумен жұмыс жүргізілді.
Телеарнаның хабарлауынша, мұндай жаттығулар енді жүйелі түрде өткізілуі тиіс.
Жазғы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін Токиода өтеді. Бұдан кейін 2020 жылғы 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болатын Паралимпиадалық ойындар өтеді.