АЛМАТЫ, 30 қараша. Психобелсенді заттарды заңсыз тарататын интернет-ресурстары жазылған граффити жазбаларын жасаған Алматылық колледждердің 3 оқушысының әрқайсысына 48 мыңнан астам теңге әкімшілік айыппұл салған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтесе жасап Zakon.kz хабарлады.
Бұған дейін Петропавловск қаласында осындай қылмысты жасағаны үшін жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 180 мыңнан астам теңге айыппұл салынды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және пәтер иелерінің кооперативтерімен бірге есірткі сатушылардың электронды мекен-жайлары көрсетілген 1,8 мыңнан астам хабарламаны анықтап, өшіріп тастады.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп психоактивті заттарды және есірткі құралдарын жарнамалайтын және сататын шамамен 3,8 мың интернет-ресурсты бұғаттады.