АСТАНА, 03 желтоқсан. Интернетте Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жұмысы туралы фильмнің жаңа сериясы шықты. Бұл жолы ол діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұру әрекетіне арналған, деп жазады Zakon.kz.
«Соңғы екі онжылдықта бүкіл әлем оқ-дәрінің жаныңда өмір сүріп келеді. Әуежайларда және стадиондарда жарылыстар. Лаңкестер Еуропада, Түркияда, Ресейде белсенді жұмыс жасап жүр. Халықаралық терроризмнің шекарасы жоқ. Соңғы жылдары біздің елімізде де террористік топтар пайда болды. Олардың агрессиясына тойтарыс беру Ұлттық қауіпсіздік комитетінің маңызды міндеті. Соңғы он жыл ішінде ҰҚК антитеррорлық қызметі жүзден аса лаңкестік актілерге жол бермеді», — деген сөздермен фильм басталады.
90-жылдардың ортасында радикалдар жас мемлекетке ене бастады. Олар анықталып, ұсталып шетелдік барлау қызметтерінің әріптестеріне берілді. 90-жылдардың соңында жаңа кезең басталды. Радикалды діни ағымдардың эмиссарлары елге келіп, жасақтау жұмысына кірісті.
Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері оларға қалай қарсы болғаны туралы, «уағыздаушылар» мен содырлар арасындағы, тікелей «Ал-Каида» ұйымымен (Қазақстанда тыйым салынған) қарым-қатынасты қалай анықтағандарын және «Орталық Азиядағы моджахед жамағаты» ұйымын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) қалай бейтараптандырғандарын арнайы қызметтер өкілдері камераға баяндады.
Жұмыс бүгін де жалғасуда.
Фильмде ұсталған лаңкестермен болған сұхбаттар бар, олар радикалдар желілеріне қалай түскенін және олардың санасына қалай әсер еткендерің түсіндіреді. Енді жігіттер өз іс-әрекеттеріне өкінеді, бірақ түрмеден жақын арада босатылмайды.
Қазақстанда жалпы мемлекеттік терроризмге қарсы шаралар құрылып үнемі жетілдірілуде. Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі үкіметтің бағдарламасы әзірленді және бекітілді.