АСТАНА, 06 қаңтар. «Джебхат-ан-Нұсра» ұйымының террористері сенбі күні Алепподан батысқа қарай орналасқан Атариб қаласындағы Сирия оппозициясының ірі форпостқа шабуыл бастады. Операция «Ахрар аш-Шам» тобының содырлары Атарибтен өз құрамаларын шығарудан бас тартқаннан кейін басталды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Бұдан бұрын террористер Сирияның солтүстігіндегі «Нүрреддин аз-Зенги бригадасын» талқандап, Дарет-Изза қаласымен қатар 20-дан астам елді мекендерді басып алған.
Сириялық адам құқықтары жөніндегі қадағалау орталығының деректері бойынша, осы қақтығыстар кезінде екі тарап жағынан барлығы 114 содыр, сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты.
Тұрікшіл Сирия оппозициясының құрылымдары мен лаңкестер арасындағы қақтығыстар 2018 жылдың қазан айында өтті. Ол кезде «Джебхат ан-Нусра» Анкараның ауыр қару-жарақты тапсырып, демилитаризацияланған Идлиб провинциясындағы және Алеппо, Латакия және Хама шекаралас аудандарынан жақтастарын аймақтан алып шығудан бас тарттып ультиматумына бағынбады.