АСТАНА, 17 қаңтар. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы террормен күресуді тоқтатуға шақырды. Бұл туралы министр 2018 жылдың қорытындысы бойынша ірі баспасөз мәслихаты аясында мәлімдеді, деп Вестник Кавказа жазды.
«Сирияда, әсіресе Идлиб аймағында, терроризмге қарсы күресті соңына дейін аяқтау қажет. Содырлар Хмеймим базасына шабуыл жасауды жалғастыруда», — деді Ресей дипломатиялық миссиясының басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23 қаңтарға жоспарланған келіссөздер аясында ресейлік және түрік президенттері Владимир Путин мен Реджеп Тайип Эрдоған Сириядан америкалық әскерлерді шығару аясында екі жақты келісімді талқылайды.