АСТАНА, 28 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Сум провинциясының ауылында қарулы шабуылдың нәтижесінде 10 адам қайтыс болды. Бұл туралы Agence France-Presse-ке сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлады.
Шабуыл 27 қаңтарда таңертең Сикире ауылында болған. Шабуылдаушылар адамдарға оқ жаудырып, дүкендерді тонап, өртеп жіберді. Он адам қайтыс болды, екеуі ауыр жарақат алды.
Агенттік тілшісі хабарлағандай оқиға террористік шабуыл деп танылды.
Бұрын хабарлағандай, қаңтар айының ортасында Буркина-Фасо билігі бірқатар солтүстік провинцияларда исламдық топтардың белсенді қызметі себебінен бұрын енгізілген төтенше жағдайды ұзартты. Әскери қызметкерлердің әрекеттері әскери базаны анықтауға және жоюға бағытталған.