АСТАНА, 01 ақпан. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасының орынбасары, Терроризмге қарсы орталығының директоры Асылбек Қожобеков пен ТМД Терроризмге қарсы орталығының басшысының орынбасары Сергей Дудко Бішкекте кездесті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі Қырғызстанның арнайы қызметтерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында халықаралық лаңкестік ұйымдардың қызметімен байланысты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылда ынтымақтастықты кеңейту, Достастықтың оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты шараларды әзірлеу мәселелері талқыланды.