Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Аты аңызға айналған Қара майор Борис Керімбаев қайтыс болды

АСТАНА, 12 қаңтар. Алматыда 72 жасында атақты интернационалист жауынгер Борис Керімбаев өмірден озды.

Ауғанстандағы соғыстың аңызға айналған ардагері, 177-ші арнайы жасақ командирі, отставкадағы полковник Борис Керімбаев ұзақ уақыт бойы аурудан кейін көз жұмды.

«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Президиумының атынан Борис Тукенұлы Керімбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ұлы далада Батыры және патриот, біздің уақыттың қаһарманы, офицер дүниеден озды. Отанға сіңірген зор қызметіне баға жетпес және оның есімі Қазақстан тарихында мәңгілікке жазылады.

Қазақстанда Ауғанстандағы соғыс ардагерлері аз емес, бірақ Борис Керімбаев немесе Қара майор осы тізімде ерекше орын алады.

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы В. И. Ленин атындағы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған.

Қара және айбатты майор деген атты Керімбаев «мұсылмандар» батальонының командирі болған кезде алған және ол ат өмір бойы оны артында орнығып қалды. 177 бөлек арнайы жасағы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі ҚазССР Алматы облысы Қапшағайда қаласында құрылған. 177 бөлек арнайы жасағының қызметі барлау, тосқауыл операция және ашық соғтығысуға қатысудан тұрған. 1982 жылы арнайы жасақ Панджшар шатқалында орналасып, Ахмад Шах Масудтың жасауының көптігіне қарамастан қимыл жасауға мүмкіндік бермеген. Керимбаев соғыс шығындары ең аз командирлердің біріншісі болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *