АСТАНА, 18 ақпан. Теракті ұйымдастырушы 30 жылға сотталды. Тәжікстанда РФ 201 әскери базасында теракті дайындаған Бахриддин Шарофуддинов 30 жылға бас бостандығынан айырылды.Бұл туралы Islam-today сайты хабарлайды.
Республика Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер өткен жылдың қыркүйек айында арнайы операция барысында ұсталған. Белгілі болғандай Шарофуддинов 2004 және 2007 жылдары экстремистік және террористік үндеулері үшін сотты болған екен. Түрмеге түскеннен кейін де ДАИШ террористік ұйымымен байланысын үзбеген. 20017 жылы бостандыққа шығып, еліне оралған кезде ДАИШ-тағы серіктестеріне теракт жасайтынын хабарл