АЛМАТЫ, 20 ақпан. Ұлттық алауыздықты тудыратын монологтар арқасында әлеуметтік желілерде танымал болған Алматы азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп Алматы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлайды.
«Алматы полиция басқармасы әлеуметтік желілер арқылы монологты жүйелі түрде таратып, қоғамдағы ұлтаралық келіспеушіліктер тудыратын Б. азаматына қатысты алдын ала тергеу жүргізу туралы хабарлайды. Оның іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қаралады – ұлттық алауыздықты қоздыру.Қылмыстық істі Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы жүзеге асырады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.