АСТАНА, 19 ақпан. Египет астанасы Каирде теракті болды. Оқиға салдарынан құқыққорғау органының екі қызметкері қаза тауып, үш полицей жараланды, деп жазады РИА Новости.
Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, полицейлер күдікті азаматты Каирдің ескі аудандарында бақылауға алған. «Күштік құрылым күдіктіні қоршап алды. Лаңкесті ұстаған уақытта, оған байланған жарылғыш зат іске қосылды» делінген хабарламада. Террорист сол мезетте қаза болған.
Ал бұған дейін ақпарат құралдарында Каир қаласында террорист ізіне түскен қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне қарсы бомбаны іске қосқаны туралы жарияланған болатын.