АСТАНА, 25 ақпан. Швецияның премьер-министрі Стефан Лёвен Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында соғысқан азаматтарын кері қабылдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz. SVT телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
«Швеция Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі 2011 жылдан бері азаматтарға бұл елге бармауға шақыруда. Онда барғандар консулдықтың көмегіне жүгіне алмайды» деді премьер-министр.
Стефан Лёвенның айтуынша, ДАИШ құрамында соғысқандардың бала-шағасына қатысты әзірге ешқандай шешім жоқ.