Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Грозныйда «Террорға жол жоқ!» акциясы өтті

АСТАНА, 25 ақпан. Грозныйда «Біздің күшіміз бірлікте!» ұранымен «Террорға жол жоқ!» акциясы өткізілді, деп Грозный-информ  хабарлайды.

Акция ұйымдастырушылары – «Диалог» жастар қоғамдық қозғалысы, «Ахмат» жастар қоғамдық патриоттық қозғалысының қолдауымен Шешенстан Республикасының Қоғамдық палатасы.

Акцияға републиканың патриоттық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шешенстан Республикасындағы Қоғамдық палата мүшесі, «Диалог» жастар қоғамдық қозғалысының бастығы Лайла Аюбованың айтуынша, іс-шараның мақсаты — адамдарға терроризмнің қаупін және жазықсыз адамдарды өлтіруді исламда адамгершілікке жатпайтын қылмыс деп саналатының естеріне салу.

Акция аясында Грозный көшелеріндегі жас белсенділер жастарға әсіресе әлеуметтік желілерде және құрдастарымен қарым-қатынаста қырағы болуға шақыра отырып, буклеттер таратады. Буклеттерде экстремизм мен діни радикализмнен келетін зұлымдық туралы ақпарат бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *