АЛМАТЫ, 25 ақпан. Ұлттық алауыздықты қоздыратын белгілері бар бейнелерді түсірген және Интернетте таратқан адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған Манас Бистаев, ҚР Қылмыстық кодексінін 174-бабының 1 тармағына — әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру — сәйкес қылмыс жасағаны үшін күдікті.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қаулысымен Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының тергеушісінің Бистаев Манасқа қарсы өтініші қанағаттандырылып, оны екі ай мерзімге қамауда ұстау шарасын қолдануға рұқсат берді. Ұстау мерзімі 2019 жылғы 20 ақпаннан бастап есептеледі », — деді сот.
Полиция 20 ақпанда әлеуметтік желілерде ұлттық алауыздықты қоздыратын монологтарды жариялаған алматылықты ұстау туралы хабарлады.