Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шанхай ынтымақтастық ұйымы терроризмге қарсы күресте Иранға көмектеседі

АСТАНА, 04 наурыз. Иранның Қытайдағы елшісі Мохаммад Кешварзадамен кездесу кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) бас хатшысы Владимир Норов 13 ақпанда Систан мен Белуджистан провинцияларындағы террорлық шабуылға байланысты ирандық әріптесіне көңіл айтты және ШЫҰ терроризмге қарсы күресте ислам республикасына көмектесетінін айтты, деп «IRNA» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бас хатшы ШЫҰ-ның мақсаты терроризм, экстремизм мен сепаратизмнің кез келген көріністерімен күресу болып табылатынын, және Иранмен ынтымақтастық бұл міндеттерді шешудегі ең маңызды қадам болып табылатынын айтты. Тараптар лаңкестік қауіппен күресуде өзара көмек туралы келісімге келді.

13 ақпанда Иранның оңтүстік-шығысындағы Ислам революциясының күзет корпусы әскерилерін алып жүретін автобус жарылды. 27 адам қайтыс болды. Джейш әл-Адль деген Пәкістанның террорлық ұйымы жауапкершілікті өзіне жүктеді. Топ 2012 жылдан бері Иран-Пәкістан шекарасында әрекет жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *