АСТАНА, 28 ақпан. Индонезияның ұлттық терроризмге қарсы агенттігі мен Мысырдың Ішкі істер министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасуға келісті, деп Antaranews сілтеме жасап REGNUM агенттігі жазады.
Ұлттық терроризмге қарсы агенттіктің басшысы Сухарди Алиус Каирде өткен екіжақты кездесу барысында қазіргі кезде радикалды топтар өздерінің идеологиясын қабылдау, , насихаттау және тарату, тәрбиелеу және жасақтау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады деп мәлімдеді.
«Бұл стратегия радикалдық топтардың шекараларды жойып әсерін таратудың жеңіл баламасы болып табылады», — деді ол.
Оның айтуынша, Азия аймағында ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) әсері үш елде аса көп, атап айтқанда Индонезияда, Филиппинде және Малайзияда.
Индонезияның Ұлттық терроризмге қарсы агенттігінің делегациясы Каирде үш рет болды, атап айтқанда, 2013 және 2014 жылдың қараша айларында және 2018 жылдың наурыз айында, бұл лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайтуға серпін берді.