Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мыңдаған содыр тұтқынға түсті

АСТАНА, 13 наурыз. «Сирия демократциялық күштері» (SDF) күрділік тобы ДАИШ ұйымының 3 мыңға жуық содыры ерікті түрде берілгенін мәлімдеді, деп жазады Islam News.

«Бұл жеңіске бір тәулік ішінде қол жетті. Осы уақыт ішінде күрді әскері үш езидтік әйел мен бірнеше баланы да құтқарған» дейді SDF өкілі Мұстафа Бали.

Еске салсақ, 2014 жылы ДАИШ содырлары Сириядағы күрділер орналасқан елдімекенге келіп, басып алған. Саясаттанушылардың пайымдауынша, осы кезден бастап Сирия территориясында күрді мемлекетін құру жоспары қолға алынған.

Алайда Түркия бұл процеске кедергі жасап, өз шекарасы маңынан күрді мемлекетінің қалыптасуын Түркия қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп танып әрі Сирия араб республикасының тұтастығын сақтау мақсатында ауқымды әскери кампания жүргізді. 10 наурыз күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елмен шекаралас Сирия аймағынан күрді топтарын тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Анкара жоспарын жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *