АСТАНА, 18 наурыз. Мәскеудегі ОӘД сауда үйі мен «Станиславский фабрикасы» бизнес-орталығын миналау туралы анонимді хабарламалар расталмады, деп елордалық төтенше жағдайлар жөніндегі өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Бұдан бұрын Мәскеудің орталығындағы «Станиславский фабрикасы» бизнес-орталығының барлық ғимараттары миналау қаупі бар деген анонимді хабарламадан кейін тексерілгендігі туралы хабарланған болатын. Кейіннен Петровка көшесіндегі ОӘД сауда үйінде осындай тексеру басталды.
«ОӘД» және «Станиславский» аяқтадық. Таза», — деді агенттіктің сұхбаттасы.
Қаңтар айында Ресейде «миналау» туралы хабарлар мен қоңыраулардың жаңа толқыны басталды, Қиыр Шығыстан оңтүстік және солтүстік-батыс аймақтарға дейінгі қалаларды қамтыды.
Мұндай жағдай бір жыл бұрын болған. Ол кезде «миналау» туралы жаппай қоңырау шалу 2017 жылдың 11 қыркуйегінен басталды, Ресейдің 85 өңірінің 75-інде болды.ФҚҚ мәліметтері бойынша, тек Мәскеуде ғана «миналаудан» шығын 150 миллион рубль болды. Барлығы ел бойынша мыңдаған сауда орталықтарынан, станциялардан және басқа да нысандардан шамамен 2 миллион адам эвакуациаланды. Жарылыстар қаупі бір де бір рет расталмады.