АЛМАТЫ, 18 наурыз. Алматылықтарға терроризмге қарсы жаттығулар өткізу туралы ескерту жасалды. Қала тұрңындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаттығуларға қатысушылардың заңды талаптарын орындауын сұрады, деп терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Алматы қалалық жедел штабына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Төле би, 94 проспектісінде орналасқан Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетінің территориясында 19 наурызда лаңкестікке қарсы жоспарланған оқу-жаттығулар өтеді. Мақсаты –халықтың жаппай жиналған жерлерде лаңкестік сипатта болған қауіп кезде өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
«Жаттығу кезінде шектеулер болады. Осыған байланысты біз азаматтарға өткізілетін шараларды түсінуге, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», — деді қаланың терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабында.
Мекемеде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған адамның заңды талаптарына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі деп түсіндірді.