Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбе тұрғыны полицияға нашақорлардың ұясына айналған жерді көрсетті

АҚТӨБЕ, 27 наурыз. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов есірткі ұясына айналған көпқабатты үйді бақылауға алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің жертөлесі есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналған. Бұл туралы бүгін облыстық полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатовтың есебінде белгілі болды.

«Ақтөбе қалалық полиция басқармасы, Заречный полиция бөлімі, Ақтөбе облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиця қызметіне тапсырма берілді. Қоғамдық орында есірткі тұтыну қылмыстық іс болып саналады. Сондықтан бақылауға алып, бүгін күдіктілерді ұстау міндеттеледі. Егер бір орында үнемі жиналса, демек есірткіні жақын жерден алады. Сату нүктесін тауып, істі жабуды тапсырамын», — деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов.

Сонымен қатар, бұған дейін еш шара қолданбаған учаскелік полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру басталатын болды.

Айта кетейік, Ақтөбеде өткен жылы қылмыстық құқықбұзушылық 10,5 пайызға артты. Оның ішінде, ұрлық 22,5 пайызға өсті. Өткен жылы барлығы 14 мыңнан астам қылмыс тіркелген.

«2017 жылы қылмысты ашу күрт өсті, 2018 жылы төмендеді. Біріншіден, полиция қызметкерлері, бөлім бастықтарының жұмысты ұйымдастыра білмеуі себеп болып отыр. Оны мойындау керек. Объективті себебі де бар. Қылмыс жасағандардың 89 пайызы жұмыссыз. Ұрлық жасайтындардың 88 пайызы жұмыссыз жүргендер. Бұрын сотталған, жазасын өтеп шыққандардың 78 пайызы жұмыссыз жүріп, қайта қылмыс жасаған. Бұрын істі болып, есепте тұрған 2 981 адамның 1 879-ы жұмыс істемейді», — деді Махамбет Абисатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *