НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз. Сәрсенбі күні Қырымда Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами ұйымының жақтастарын тінту басталды, деп РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырым бөліміне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Басталған қылмыстық істер аясында Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) халықаралық террор ұйымының жақтастарының тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Арнайы операцияны ІІМ бөлімшелерімен және Ұлттық гвардия әскерлерімен бірлесіп ФҚҚ қызметкерлері жүзеге асырады.