Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда жарылыс қаупіне байланысты алты қаланың ратушалары эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз. Сейсенбіде алты неміс шаһарларының қалалық ратушалары жарылыс қаупі туралы хабар алғаннан кейін эвакуацияланды, деп хабарлайды MIGnews.com Welt газетіне сілтеме жасай отырып.

Газеттің хабарлауынша, Аугсбург, Кайзерслаутерн, Хемниц, Гёттинген, Нойнкирхен және Рендсбург қалаларының ратушаларынан қызметкерлер мен қонақтар көшірілді.

«Аугсбург қаласына қауіп төнді, қалалық ратуша босатылды, тергеу жүргізіп жатырмыз», — деп Twitter-де оңтүстік қаланың полициясы хабарлады.

Аугсбургтегі оқиға орнына көптеген полиция жасағы келді, олар сонда адамдарды эвакуациялап қана қоймай, қалалық ратуша алаңында өтетін трамвай қозғалысын тоқтатты.

Жоғарыда көрсетілген барлық қалаларда кинологтар мен полиция, қажетті сақтық шараларын қолданып ратуша ғимараттарын тексеріп жатыр.

Осындай жағдай Нойнкирхенде де болды.

«Қалалық ратуша уақытша жабылды», — деп полиция өкілі мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *