Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырымда «Хизб-ут-Тахрирге» қатысы бар деген күдікпен 9 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Хизб ут-Тахрир әл-Ислами террористік ұйымының күдікті мүшелері Симферополдың Киев аудандық сотымен 15 мамырға дейін қамауға алынды, деп хабарлайды сот баспасөз қызметі.

Сәрсенбі күні Қырымда «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) жиырма мүшесі ұсталды, арнайы операцияны ФҚҚ-нің қызметкерлері ІІМ бөлімшелерімен және Росгвардиямен бірлесіп жүргізді.

«2019 жылдың 27 наурызында Қырым Республикасы бойынша Ресей Федерациясының ФҚҚБ тергеу бөлімінің аға тергеушісінің Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-тармағы бойынша айыпталған С.А. Газиев, М.А. Абдурахманов, Р.Н.Сейтхалилов, А.Э.Бекиров, Э.С. Османов, Ф.Е. Базаров, Т.С. Абдулгазиев, С.К. Муртаза, С.Э. Сейтабдиевке қатысты бұлтартпау шарасы туралы қаулылары қаралды.Аға тергеушінің қаулыларың сот қарауының қорытындысы бойынша барлық айыпталушыларға 2019 жылдың 15 мамырына дейін қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», — деп хабарлады сот.

Ұсталғандардың бәрі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес террористтік деп танылған ұйымның қызметіне қатысу бабы бойынша айыпталуда, жаза мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады және 500 мың рубль мөлшерінде айыппұл салынады.

Процеске қатысушыларға сот шешімдерінің көшірмелері берілді, бұлтартпау шараларын таңдау туралы шешім бойынша Республиканың Жоғарғы Сотына шағым жасалуы мүмкін. Бейсенбі күні тағы 11 күдіктіге қатысты бұлтартпау шараларын таңдау туралы сот отырысы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *