НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. ДАИШ халықаралық лаңкестік тобының өкілдері Мали мен Нигер шекарасындағы француз әскери конвойына жасалған лаңкестік шабуылдың соңғы суреттерін көрсететін видео шығарды, деп хабарлайды REGNUM агенттігі BBC Monitoring-ке сілтеме жасап.
ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Amaq ақпараттық желісі 3 сәуір, сәрсенбі күні «Ислам мемлекеті (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) содырларының Мали мен Нигер шекарасына жақын орналасқан Франция әскери күштерінің конвойыны жасалған шабуыл» атты бір минуттық видео шығарды.
Хабар 3 сәуірде шығарылғанымен, шабуылдың нақты күні белгісіз. Сондай-ақ, бейне бойынша шабуылдың орнын, уақытын және нәтижесін, сондай-ақ содырлардың нысанасын анықтауға мүмкін емес.