НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Сауд Арабиясында сейсенбі күні 37 адам терроризмге қатысы бары анықталып, өлім жазасына кесілді, — деп жазды CNN сілтеме жасап KAZISLAM хабарлайды.
«Қылмыскерлер экстремистік-террористік идеологияны таратқаны және ұйымдар құрғаны үшін, сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып, өлім жазасына кесілді» — делінген Сауд Корольдігінің ресми ақпарат агенттігі (SPA) таратқан хабарламада.
Бұдан бөлек, ресми ақпаратқа сүйенсек, құрықталған 37 азаматқа Сауд Арабиясының әр аймағында жаза кесілген. Бұл мемлекет өлім жазасы кесілген қылмыскерлердің саны бойынша әлемде жоғары көрсеткішке ие.
Есте болса, бұдан үш жыл бұрын арасында шииттердің танымал көшбасшысы Нимр әл-Нимр де бар 47 адам бір уақытта өлім жазасына кесілген болатын. Олардың барлығы дерлік терроризм және экстермистік көзқарастары үшін айыпталған еді.