НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір.Шри-Ланкада болған сериялы терактіден кемінде 45 бала қаза тапқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ баспасөз хатшысы Кристоф Булерак Женевада журналистерге берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Islam Today.
«Қазіргі уақытта жарылыстан қаза тапқан балалар саны 45-ке жетті. Ал жарақат алған балалардың көпшілігінің жағдайы ауыр. Олардың өмірлері үшін дәрігерлер күш салып жатыр» деп атап өтті ол.
Еске салсақ, Шри-Ланкада болған терактіден Данияның дәулеттісі, ASOS иесі 46 жастағы миллиардер Андерс Холча Повлсеннің төрт баласының үшеуі мерт болғаны белгілі болды. Қазіргі сәтте теракт құрбандарының жалпы саны 521 адамға жетті. Тағы 500-ден аса адам зардап шекті.