Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризмді насихаттағаны үшін Түркістан облысының тұрғыны сотталды

сурет Азаттық Радиосы сайтынан

ШЫМКЕНТ, 03 мамыр. Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты 2 мамырда Түркістан облысының тұрғының соттады, деп хабарлайды  BNews.kz  Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот 2015 — 2018 жылдар аралығында сотталған М. араб елінде тұрып, сол жерге туристік жолдамамен келген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін діни тақырып бойынша лекциялар (уағыздар) өткізгенің анықтады.Бұл сарапшылардың пікірінше, терроризмді насихаттайтын және ұлттық және діни алауыздықты қоздырады», — делінген хабарламада.

Іс бойынша куәгерлер, Араб еліне туристік жолдамамен барғандар, сотталған М. Қазақстанның азаматтары арасында діни дәрістер өткізгенін растады.

Оны тыңдаған кейбір қазақстандықтар елге оралған кезде интернет ресурстары арқылы  діни дәрістерін таратқан. 2017-2018 жылдары таратушылар анықталып,  Оңтүстік Қазақстан облысының соттары үкімімен жазаға кесілген.

Бұдан басқа, Түркістан облысының соттарының шешімдері бойынша М.-ның діни дәрістері экстремистік деп танылып,  тарату үшін тыйым салынған.

«Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-бөлігінде терроризмді насихаттау, 174-бабының 2-бөлігі бойынша ұлттық және діни өшпенділікті қоздырды деп кінәлі танылып,  8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға үкімнің  мәні мен оның апелляциялық процедурасы түсіндірілді », — деді сот.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *