НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр. Тәжікстан мен Кувейт арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері Кувейт Мемлекетінің астанасы Эль-Кувейте қаласында, талқыланды, деп Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпарат басқармасына сілтеме жасап avesta.tj хабарлайды.
Тәжікстан Республикасының Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Халид Ал-Джаруллахпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Кувейт арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде Кувейт Мемлекетінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысу мәселесін талқылады.
Елші сондай-ақ, Кувейттің Сыртқы істер министрлігінің тәжік балаларын Ирактан отанға қайтаруына қосқан баға жетпес үлесі үшін Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына алғысын білдірді .