Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Салафизмді насихаттаған азаматтар жауапкершілікке тартылды

ҚАРАҒАНДЫ, 11 мамыр. KAZISLAM – Қарағанды облысында салафизмді насихаттаған азаматтар жауапкершілікке тартылды. Сәтпаев қалалық соты әлеуметтік желілер арқылы салафизм бағыты жөнінде заңсыз үгіттеген үш азаматты айыппұлмен жазалады, деп жазады nur.kz.

«Бұл үш азамат өзінің «Вконтакте» және «Фейсбук» парақшалары арқылы діни бағыттағы материалдарды таратумен айналысқан: суреттер, уағыздар, дереккөзге сілтемелер.

Олар жариялаған материалдар Қазақстанның заңнамалық актілеріне қайшы келеді. Біздің ел аумағында мұндай материалдарды қолдануға тыйым салынған», — деді Қарағанды облысындағы дін істері басқармасының өкілдері.

Сәтпаев қалалық сотының судьясы оларды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 490 бабы, үшінші бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, оларға жалпы көлемі 681 750 теңгені құрайтын айыппұл төлеуге міндеттеді.

Алғашқы екеуіне 252 500 теңге көлемінде, ал үшіншісіне 176 750 мың теңге төлеуге тура келеді.

«Әлеуметтік желілерде радикалды дін идеологиясын насихаттауға болмайды. Оған қоса, арнайы діни сараптамадан өтпеген діни әдебиетті де насихаттауға немесе таратуға болмайды», — деді басқарма өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *