НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Ресей астанасы Мәскеуде қала тұрғыны 25 жастағы Г. Георгий есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде, деп хабарлайды Islam Today.
Құқыққорғау органы оны ДАИШ террористік ұйымына 50 миллион рубль қаражат аударды деген күдікпен қамауға алған. Террористік ұйымды қаржыландыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу деректеріне сəйкес, күдікті қаражатты Сбербанк картасына, содан кейін террористер шотына
аударған.
Заңға қайшы əрекеттеі ол 2015 жылы жасаған. Енді ДАИШ террористік ұйымын қаржыландырғаны үшін оған өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жаза кесілуі мүмкін.