НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді мақұлданды, деп жазады ҚазТАГ .
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2018 жылдың 25 шілдесінде Бішкекте жасалған әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту», — деп бейсенбі күні ҚР Үкіметі ұсынған қаулысында айтылған.
Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан өзара мүдделілікке байланысты өзекті мәселелер бойынша әскери барлау ақпараты мен сараптамалық бағалаумен алмасуда; тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндіретін халықаралық террористік және басқа да ұйымдар туралы ақпарат алмасуда; қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін жедел және басқа бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуде бір-біріне көмек көрсетеді.
Қазақстан атынан келісім шартты жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган Қорғаныс министрлігі, Қырғызстаннан — Қарулы күштердің бас штабы белгіленді.
«Тараптар осы Келісім бойынша ынтымақтастық барысында алған әскери барлау туралы ақпаратты тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тараптар осы Келісім бойынша ынтымақтастық барысында алынған әскери барлау ақпараттарды, осы ақпаратты ұсынған тарапқа зиян келтіру үшін қолданбайтынына міндеттенеді. Тараптар осы келісім бойынша ынтымақтастық барысында алынған әскери ақпаратты осы ақпаратты ұсынған тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа бермеуін міндеттенеді », — делінген құжатта.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне қарсы бағытталған барлау жұмыстарын жүргізбеуге міндеттенеді.
«Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың ешқайсысы ағымдағы бес жылдық кезең аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде екінші Тарапты оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы хабардар етпесе, ол аяқталғаннан кейін оның қолданысы келесі бес жылдық кезеңдерге өздігінен ұзартылады. Мұндай жағдайда осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың тиісті жазбаша хабарламасын алғаннан кейін алты айдан кейін өз қолданысын тоқтатады», — делінген келісімде.