Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Ішкі қауіпсіздік агенттігі (ABW) діни себептер бойынша террористік шабуыл жасауға дайындалған поляк азаматын ұстады, деп мекемеге сілтеме жасап РАР агенттігі хабарлайды.

«ABW қызметкерлері Польша аумағында террористік сипаттағы қылмысты дайындағаны үшін күдікті Польша азаматы Миколай Б.-ны Варшавада ұстады», — делінген хабарламада.

Ұсталған адам Варшавада мұсылман қауымдастығының мүшесі екені хабарланды. Бейресми түрде ол Мұхаммед деген атты пайдаланып жүр.

ABW материалдарынан Миколай Б. «адам көп жүретін жерде террорлық шабуылды жасауға ниетті екені» белгілі болды. «Бұл әрекет ислам дінінің қарсыластарынан кек қайтару», — делінген хабарламада.

Миколай Б.-ға айып тағылып отыр,  ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сотқа дейін оған қамауды ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ, Миколай Б. бұрын психиатр дәрігерінде емделгені хабарланған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *