Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядан оралғандардың хиқаялары –Анамды көруді армандадым

НҰР-СҰЛТАН,08 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сириядағы ұрыс іс-қимылдар аймағынан 524 қазақстандыққа отанына оралуға  мүмкіндік берген  «Жусан» арнайы операциясы туралы деректі фильм көрсетілді.  Кадрларда қазіргі уақытта оңалтудан өтіп жатқан әйелдер мен балалар көрсетілген, деп Tengrinews.kz хабарлайды.

«Жусан» гуманитарлық операциясы барысында 524 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел адам мен 357 бала Сирия еліндегі оқ пен оттың ортасынан құтқарылып, отанына қайтарылды. Бүлдіршіндердің 27-сі ата-анасынан айырылған.

«Біздің орталықтың мамандары, теологтар мен психологтар оңалту және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр — бұл діни ағарту, террористік әрекеті белсенді аймағынан оралған азаматтарды психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу», — деді «Ақниет» ақпараттық-насихат және оңалту орталығының директоры Әлім Шауметов.

16 жасында Сирияға кетіп қалған әйел Қазақстан жағдайына үйрену қаншалықты қиын екенін баяндайды.

«Жеті жыл өтті, әрине, үйреншікті емес. Мен көп нәрсені ұмытып кеттім. Қиындық жоқ, жайғана … Киімдер әдемі,бәрі түрлі түсті, бірақ мен осы киімге үйренбедім. (…) Сол жерде болғанымда мен анам мен туыстарымды көруді армандадым.

Мен 15 жасымда тұрмысқа шықтым. Менің әкем қайтыс болды, туыстары келіп, алып кетті. Менің немере ағам маған үйленгісі келетінін айтты. Ағам күйеуге берді.  Ол 15 жаста еді. Ол Сирияға менен бұрын кетті. Бір жылдан кейін — мен. Қазір 27 жастамын.

Төрт балам бар. Бесеу болды, біреуі екі жыл бұрын аштықтан қайтыс болды. Ол бір ай болған еді», — деді қайтып келген қазақстандықтардың бірі.

Павлодар облысының дінаралық қатынастарды  талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздыкованың айтуынша, келген кезде әйелдерде сананың айтарлықтай өзгерісі байқалды. Ең алдымен, бұл фанатизм өрісіне ауысатын терең діни ойға бату, ойлау биполярлығы, тұйықтық.  Балаларынын өліміне байланысты көбі психологиялық жарақаттар алды.

«Адам өзін-өзі алдамауы керек. Мен қайда, неге, не үшін баратынымды білдім. Балаларымнан айырылған кезде тұйықталып қалдым. Қалған балаларым өссін деп ойладым. Білім аз болғандықтан, үй шаруасындағы әйел-бұл жеткілікті сияқты болды. Олай емес екен. Келгенде жаттық сезім болды, ашуландық хиджабымызды шешкіміз келмеді.

Өйткені бізге мұның бәрі дұрыс емес деп уйретті.  Содан кейін олардың махаббатың,  қарым-қатынасың көрдік. Бұл адамдар өз отбасыларын тастап, осында келіп,  біздің қоғамымыз бізді кешірді деп бізді сендірді», — деді басқа қазақстандық азаматша.

Арнайы операцияның бірінші кезеңінде 47 қазақстандық Сириядан оралды. Террористердін қолына түскен ерлер, әйелдер мен балалар туыстары арқылы көмек сұрады. Мамырдың басында тағы 231 қазақстандық көшірілді, соның ішінде , негізінен мектепке дейінгі жастағы 156 бала. 28 мамырдан 31 мамырға дейін «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының қорытынды, үшінші кезеңі өтті. Сириядағы жауынгерлік аймақтардан 171 бала көшірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *